Take a fresh look at your lifestyle.

«Мұқтаждың мұңын бөліс!» акциясы

0 459

Мұсылман қауымы аңсаған Рамазан айы да келіп жетті. Кешірім мен мейірім айна аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкіршілік етеміз. Сауаптар еселене көбейетін бұл күндері, бір-бірімізге жақсылық жасауға, жақсы сөз айтуға және қайырымдылық жасауға тырысайық.

ҚМДБ төрт басым бағытының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйытқы болуымен және «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен «Мұқтаждың мұңын бөліс!» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.

Аталмыш ізгі шара барысында, бас имам Нұрлан Рамазанов қасиетті рамазан айымен құттықтап, елордалық көмекке зәру отбасыларына қайырымдылық пәкеттерін үлестірді. Көмек алушы отбасылар бұл игі шараны ұйымдастыруышыларға өз ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне береке тіледі.

Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған 20 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті заттар салынған қайырымдылық пакеттер берілді.

Мешіт жанынан құрылған «Аналар мектебі» рухани клубының жетекшісі, ұстаз Әлия Аусағатова  қасиетті Рамазан бойы қайырымдылық шаралардың жалғасатындығын айтты.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз орталығы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.