Take a fresh look at your lifestyle.

Ардагерлерге алғыс!

0 219

Сұрапыл соғыс талай жанның тағдырына сызат түсіріп, талай бозадақтардың өмірін жалмады. Міне, биыл сұм соғыс тоқтап, бейбіт заман орнағанына 74 жыл толды.

9 мамыр күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Әділ Агитаев соғыс ардагері Абрамов Лев Петрович қарияның үйіне барып, ардагерді айтулы мерекесімен құттықтап қайтты. 

Майдангер қарияның хал-жағдайын сұраған наиб имам мешіт атынан сый-сияпат тарту етті. Жасы тоқсан бестен асса да нық қалпын сақтаған қажырлы қария келген қонақтармен емен-жарқын сұхбаттасып, бастан өткерген сұрапыл жылдарды еске алды әрі сол күндердің қайта оралмауын тілеп, батасын беріп, алғысын айтты.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.