Take a fresh look at your lifestyle.

Рамазанда шайтандар кісенделсе, күнә істеу неге тоқтамайды?

0 416

Бір де шәкірт ұстазынан:

– Уа, ұстаз, Рамазан айында шайтандар кісенделді дейді. Ал адамды жамандыққа итермелейтін шайтандар кісенделсе де адамдар неге жаман әдетін тоқтатпайды?

– Расын да адамдар жаман істердің бәрін шайтанға жауып, өздері жауаптан жалтарғысы келеді. Сондықтанда, Ұлық Алла Рамазан айында шайтандарды кісендеп, пенделерін сынайды. Мұның хикемті сондай тереңде… деген екен ұстазы. Бұл бабалардан келе жатқан аңыз-қисса. 

Ал дінімізде нақты не деген екен?

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Рамазан айы кіргенде аспанның[1] есіктері ашылады.[2] Жаһаннамның есіктері жабылып,[3] шайтандар кісенделеді».[4] Хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари, Имам Муслим және Имам Насаи риуаят етті.[5]  

___________________________________________________________________________

[1] «аспаннан» мақсат: жәннат. Себебі жәннатқа аспаннан көтеріледі. Ал жәннат аспанның үстінде әрі аспанның шатыры – Хақ Тағаланың аршысы. («Сахихүл-Бухари»)

[2] «ашылудан» мақсат: көп құлшылық ету мүмкіндігі болуы ықтимал. («Сахихүл-Бухари») Имам Әл-Манауи айтады: «Бұл Аллаһ Тағаланың рахметі жауғанның әрі сол уақытта істелген құлшылық ешбір кедергісіз көтерілудің, яғни қабыл болудың белгісі». («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир»)

[3] яғни, Рамазан уақытында ораза ұстағандардың бойы үлкен күнәдан аулақ болады. Ал кіші күнәлар, Аллаһ Тағала қаласа, Рамазанның берекетімен кешіріледі. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир») Сонымен қатар, бұл сөз тозақтың есігі Рамазаннан тыс уақытта ашық болатынына меңзейді. («Сунәнун-Насаи»)

[4] көп адам: «Егер Рамазан айында шайтандарға кісен салынса, онда неге оразаның кезінде күнә істеліп жатады?»,-деген сұрақ береді. Жауап: күнәнің пайда болуына шайтан септігін тигізу шарт емес. Себебі пенденің күнәға баруына жаман пейілі мен ниеті де жеткілікті. («Сунәнун-Насаи»)

[5]«Сахихүл-Бухари», «Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари», «Хашиятус-Санади ъалән-Насаи», «Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир» және «Канзүл-Ъүммәл».

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.