Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІ ЖАҢА БІЛІКТІ ИМАММЕН ТОЛЫҚТЫ (фото)

0 2  196

17-мамыр. SUNNA.KZ – ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіретіміздің бұйрығымен, AQ MESHIT мешітінің наиб имамы Қанат Алшынбаев бұл қызметінен босатылып, Нұр-Сұлтан қаласы «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күні, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары белгілі исламтанушы Хасан Аманқұлов «С.Ғылмани» мешітінде болып, «Отанды сүю – иманнан» атты тақырыпта жұма уағызын айтты. Сондай-ақ ұстаз Хасан Аманқұлов жаңа тағайындалған Қанат Алшынбаевты елорда жамағатына таныстырып, Бас мүфтидің бұйырығын жеткізді. Сонымен қатар, осыған дейін «С.Ғылмани» мешітінде наиб имамдық қызмет атқарып келген Нұрсұлтан Шамшиден Нұр-Сұлтан қаласы AQ MESHIT мешітіне наиб имамы қызметіне ауысты.

Алшынбаев Қанат Мұқанғалиұлы

Туған жылы: 11.03.1978ж.

Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы)

 1992-1997ж.ж: Қарағанды қ. Спорт колледжі. Спорт шеберіне үміткер. Үздік.

2001-2005ж.ж: Алматы қ. «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті.

Имам хатыб. Араб тілінің оқытушысы.  Үздік.

2010-2013ж.ж:  Көкшетау қ. «Науан хазрет» мешітінің наиб имамы.

2013-2017ж.ж: Көкшетау қ. «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі директоры.

2017-2019ж.ж: Көкшетау қ. «Науан хазрет» мешітінің наиб имамы, «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі теологы.

27.02.2019ж: Нұр-Сұлтан қ. Aq meshit мешітінің наиб имамы.

Отбасылы. Бір ұл төрт қызыдың әкесі. Қосымша төрт жетім бала асырып алған.

Біліктілігі:  Орыс тілі, араб тілі және ана тілін еркін меңгерген.  «Теракт емес, жиһад», «Поминание Аллаха после намаза» атты брошюралар мен жергілікті һәм республикалық басылымдарда жарияланған мақалалардың авторы.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.