Take a fresh look at your lifestyle.

Бас мүфти зиялы қауымға ауызашар берді (ФОТО)

0 271
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет Алматы қаласында дініміз бен ұлтымыздың жанашыр арда азаматтарының басын қосып, қасиетті Рамазан айының құрметіне ауызашар дастарханын жайды.

Бас мүфти ауызашарға келген қонақтарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, сөз сөйледі. Алладан тұтып жатқан оразамыз бен ниеттеріміздің қабыл болуын тілеп, Құран түскен жарық айда жақсылықта жарысып, Жаратқанның разылығын алуға шақырды.

Ауызашар мерекелік көңіл күйде өтті. Ақын-жыршылар дәстүрлі «Жарапазан» жырын орындап, арнау мен термелер айтса, ал, күйшілер күмбірлетіп күй шертіп, кешкі отырыстың сәнін қыздырды.
Ауызашар соңында ас қайырылып, үлкендер жағы бата берді. Алматы қаласының өкілі имамы Еркінбек Шоқай Құран оқып, сауабы марқұмдарға бағышталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.