Take a fresh look at your lifestyle.

РАМАЗАН ДАСТАРХАНЫ ЖИЫЛМАЙДЫ (фото)

0 684

23-мамыр. /SUNNA.KZ/ – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қасиетті Рамазан айның ауызашар дастарханы жалғасуда.

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында, айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының әр күні, ел мешіттерінде ауызашар дастарханы жайылып, ораза ұстаған мұсылмандар үшін арнайы ас мәзірі ұсынылады. Бұл үрдіс Елорда мешіттерінде де тұрақты түрде артқарылып келеді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен, күн сайын мешіт жанынан арнайы тігілген шатырда 300-ге жуық елорда тұрғындарына ауызашар дастарқаны жайылуда. Оған «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің имамдарды қатысып, жиналған жұртшылыққа ауызашар дастарханының қадір-қасиеттері жайында уағыз-насихаттар тұрақты жүріліп келеді.

Сонымен қатар, үрдіс бойынша, Рамазан айында кәсіпкер азаматтар мен ауыз аштырып сауап алғысы келген азаматтардың демеушілігімен күн сайын мешітімізде ауызашар дастарханы жайылып, елордалық ораза ұстаушыларға қызмет көрсетуде. 

Сондай-ақ, күн сайын елімізге белгілі қарилардың қатысуымен Тарауық намазы жүргізіліп, Құран хатым етіліп келеді.

Тағды да естеріңізге сала кетейік, Елордалық тұрғындардың Тарауық намазына келіп-кетуіне жеңілдік тудыру мақсатында, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен, қалалық Жол және көлік департаменттері және қалалық автопарктердің демеушілігімен қаланың әр бағыттары бойынша арнайы автобустар шығарылды. Тарауықтың алғашқы күнінен бастап Құран хатымға қатысқан елордалықтар әр бағыттар бойынша тасымалдануда. Дәлірек айтсақ, бірінші бағыт – Оңтүстік-шығыс, екінші бағыт – Көктал-1, Көктал-2 тұрғын үй алабы бағыты және үшінші бағыт – Нұр-Сұлтан вокзалы, «Ет комбинаты», «Кирпичный» бағыттарында тегін автобустар қатынайды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.