Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0 1  138
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, белгілі ғалым, ғылым докторы Ғалымқайыр Мұтановпен кездесті.

Бас мүфти ректор Ғ.Мұтанұлына тарих, мәдениет, руханият, дін саласындағы ғылыми ізденістері туралы баяндап берді. Өз кезегінде ректор әлемдік өркениетте ойып тұрып орын алар қазақ руханиятының құндылықтары туралы атап өтті.

Мүфти мен ректор жастарды жат ағымның ықпалы мен арбауынан сақтап қалудың төте жолы – тарих пен дәстүрді жаңғырту жайлы пікір алысты.

Кездесуден кейін Серікбай қажы Ораз ҚазҰУ ректорына «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты тарихи-діни еңбегін сыйға тартты.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.