Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚАДІР КЕШІ: ҚАРИЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

0 1  413
Мешітімізде жылдағы үрдіс бойынша, Рамазан айының басынан бері күнделікті Тарауық намаздарында қари Елсейд Мұхаммед Ахмет Мұхаммед пен «Көктөбе» қарилар орталығының түлегі, Халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері, Қайырбай  қари Дәукенұлы Құран хатым оқып келген болатын.

Бас имам Нұрлан Рамазанов қариларға алғысын жеткізді. Сонымен қатар, мешіт ақсалдар алқасының мүшесі Сүйіндік ата қариларға ақ батасын беріп, қазақы салт бойынша қарилардың иығына шапан жапты. Қасиетті түнді қарсы алуға келген Елорда тұрғындары да қариларға деген ризашылығын білдірді.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.