Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ғажайып оқиға

0 1  230

Таяу күндері әлеуметтік желіде Mehrob.uz сайтында, Ташкент қаласы, Юнус Абад ауданының бас имамы Рахметолла қаридың мына сұхбаты жария болды:
“Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қоштасу қажылығында шашын алдыртып, мыңдаған сахабаларына таратып берген екен.
Олар бұл мүбәрак затты ұрпақтан – ұрпаққа беріп, сақтапты.
Расулланың (с.ғ.с) дүниеден озарда, он төрт шашы ғана ағарғанын Сира кітаптары растайды.
Мен осыған дейін мүбәрак қара шашын зиярат етсем де, ақ шашын көрмеп едім.
Рамазанның соңғы күндерінде таяу мешітімізге алыстан қонақтар келіп, сол мүбәрак ақ шашын көрсетіп кетті.
Таң намазынан кейін, ауа кірмесін деп, есік, терезені жауып, бетімізге ауызқап киіп, мүбәрак ақ шашты қара матаның үстіне қойып, зиярат етіп, көрдік.
Сол кезде салауат айтып тұрғанда, шаштың ары – бері қозғалысқа түскеніне куә болдық.
Ешқандай ауа, дем де тиіп тұрмаса да, салауат айтсақ, қозғалады.
Бәрінен ғажабы, әлгі мүбәрак затты әкелген адамдар осы шашты қазіргі заманның ең мықты компьютерлеріне салып, мыңдаған есе үлкейтіп қараса, шаштың бойында ” Ләә иләәһә илләллаһу Мұхаммадұр расулаллаһ” деген жазуды көріпті.
Бұл жазу – сол Кәлима шаһадат сөзінің, мим әріпінің ішінде де жазылғанын растапты.
Алла ұлық! Мұндай нәрсені адам жасай алады ма?
Осындай муғжиза, табаррук затты көрсеткен Алла Тағалаға сансыз шүкір еттім”,- деп сөзін аяқтады.
Алла баршамызға осындай қуанышты нәсіп етсін бауырлар!

Дайындаған Қуат Қабдолда

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.