Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Арыстағы ағайынға «Елорда асары» ұйымдастырылады

0 1  002

Тосыннан келген апат Арыстағы ағайынның тыныштығын бұзып, ел басына күн туғанда – бар қазақтың қабырғасы сөгіліп, қосыла қайғырғаны сөзсіз. «Сайдағы арқардың тұяғына тас батса, қырдағы арқардың мүйізі сырқырайтынындай», бүгін бүкіл қазақ жұртының Арысқа қарай алаңдап, қосыла қайғырып отырған жайы бар.

Осы орайда ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккендерге арналып «ЕЛОРДА АСАРЫ» қайырымдылық шарасы басталды. Қанатымен су сепкен қарлығаштай алыстағы қандасына қамқорлық танытып, қолдан келген көмегін көрсету мақсатында «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН», «НҰР АСТАНА», «ҒЫЛМАНИ» мешіттерінде гуманитарлық көмек жинау пунктері ашылып отыр.

Жауапты қызметкерлер:
Мейрамбек («Әзірет Сұлтан» мешіті)         8 775 136 13 40
Ербол («Нұр Астана» мешіті)                      8 778 120 77 88
Серікбол («Ғылмани» мешіті)                      8 778 452 73 28

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:


-азық-түлік, консервілер;
-дәнді дақыл өнімдері;
-балаларға арналған киімдер;
-төсек орын жабдықтары және т.б.

Сондай-ақ, ҚМДБ «Зекет» қорының есепшотына қаржылай көмек аударуға да болады:

ҚМДБ «Зекет қоры»
Корпоративтік қорының филиалы
БИН: 170941001534
KZ 858562203103286955
БИК: KCJBKZKX
«Банк Центр Кредит»
muslim.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.