Take a fresh look at your lifestyle.

БАС МҮФТИ АУРУХАНАДАҒЫ АРЫС АЗАМАТТАРЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

0 291
ҚМДБ Төрағасы Серікбай Ораз Шымкентке жеткен бойда, тіке облыстық ауруханаға тартты. Арыстықтардың қал-жайын сұрасып, аз-кем сұхбаттасты.

Бас Мүфти:

“Бір ғана отбасыға емес, ұлтқа түскен сынақ болды. Аллаға шүкір, ауызбіршілік, ынтымағымыз бар екен, халық көтеріп те, бөлісіп те жатыр. Аман-есен айығып кетулеріңізге тілектеспіз. “Ауырып тұрдың – аунап тұрдың” деген бар. Әлі-ақ бәрі де ұмытылып кетеді. Бала-шағаларыңыздың, еліміздің несібесі үшін аман болыңыздар”,- деді.

Арыстағы жарылыс кезінде 165 адам жарақаттанған. Оның 15-і жансақтау бөлімінде жатса, тоғызының қалі нашар.

Денсаулық сақтау министрі науқастарға Алматыдағы ғылыми-медициналық орталықтан екі мобильдік топ көмекке келгенін мәлімдеген. Бәрінің жағдайы мемлекеттік бақылауда.

Бүгін мерт болғандардың саны үшеуге жетті. Алла Тағала алдарынан жарылқасын, отбасыларына сабыр берсін деп тілейміз.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.