Take a fresh look at your lifestyle.

БАС МҮФТИ АПАТТАН ҚАЗА БОЛҒАН ЖАННЫҢ ЖАНАЗАСЫН ШЫҒАРДЫ (ФОТО)

0 329
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Арыстағы әскери бөлімде болған жарылыстан қаза тапқан азаматтың жаназасын шығарды.

Шымкент қаласындағы “Ақ мешіт” құлшылық үйінің ауласында өткен жаназа рəсіміне қала әкімі Ғабидолла Əбдірахымов, белгілі жазушы Мархабат Байғұт, мыңнан астам жамағат қатысты.

Бас мүфти азаматынан айырылған отбасына көңіл айтып, дұға жасады.

Жамағат алдында уағыз айтқан Серікбай қажы Ораз:

Отбасының нəпақасын табу үшін жолға шығып, жан тапсырған адамның Алла алдында дəрежесі артады. Ажал мен төтенше жағдай төтеннен келетін нəрсе. Біз тағдырға тəн берген халықпыз. Алла бауырымызды мейіріміне бөлесін”, – деді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы апаттан ажал құшқан азаматтың отбасына қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар, ҚМДБ қызметкерлері Арыс тұрғындарына бір күндік жалақыларын аударды.

 ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.