Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«ИМАНИ ЖАЗ – 2019» КУРСЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ СЕРТИФИКАТ АЛДЫ (ФОТО)

0 1  185

29-маусым. Sunna.kz – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Ғылмани» мешітінде «Имани жаз – 2019» атты жазғы діни сауат ашу курсын бітірген 100-ге жуық оқушы арнайы сертификат алды. 

Жылдағы үрдіске сай, ҚМДБ-ның Нұр-Сұтан қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасы аясында, бас имам Нұрлан Рамазановтың мұрындық болуымен, жазғы демалысқа шыққан мектеп оқушыларына діни сауат ашу курсы ұйымдастырылған болатын. Осыған орай, мешітімізде өткізілген «Имани жаз – 2019» жаздық сауат ашу курсы ай бойы дәріс өткізіп, мектеп жасындағы оқушыларға имани-рухани тәрбие берді. Курс аясында бүлдіршіндер тек білім алып қана қоймай, мәдени-рухани шараларға, әр түрлі жарыстарға да қатысты. Олар 10-30-маусым аралығында, жазғы діни сауат ашу дәрісі барысында арабша хат танып, Құран оқуды үйренді. Имандылық әліппесін меңгеріп, қысқа сүрелер мен Алланың 99 көркем есімін жаттап шықты.

Сондай-ақ, күнделікті өмірімізге қажетті дұғалар мен тәрбиелік мәні зор ғибратты өнегелерді, пайғамбарымыздың өсиеттерін үйренді. Жалпы Ислам дінінен хабардар болды. Аталмыш шара барысында, наиб имам Әділ Агитаев, Рахматулла Байменов және білікті ұстаз Серікбол Хаманұлы бүлдіршіндерге білім алуыдың артықшылығы һәм тәрбиелі оқушы болу жайында уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, «Аналар мектебі» әйелдер-қыздар діни-рухани клубының жетекішісі, ұстаз Әлия Аусағатова да қатысып, шәкірттерге сертификат табыс етті.

Елімізге беделді оқу орны «Нұр Мүбарак» университетінің исламтанушы студентері Мұхтар Халық, Әйгерім Қазбекова және Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр-Астана» медресе-колледжнің студенттері Оразғаиев Хамза, Өтелгенов Ержан, Ыбырайм Райымбек қатарлы жас мамандар шәкірт тәрбиелеу жұмысы барысында өздерінің теориялық білімін өндірістік-практикалық тәжірибиемен ұштастыра отырып, «Имани жаз – 2019» жаздық сауат ашу курсы барысында өз біліктіліктерін арттыра түсті. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.