Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қажылық сапарының соңғы дайындық жұмыстары пысықталды (ФОТО)

0 966

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникация қызметінде қажылық маусымына орай баспасөз брифингі өтті.

Баспасөз мәжілісіне ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев қатысып, қажылық сапарға дайындық жайы, қажылар саны мен көрсетілер қызметтер, қауіпсіздік мәселелері секілді іргелі тақырыптар бойынша тілшілер қауымына толықтай мағлұмат берді.

Брифинг барысында белгілі болғандай, биылғы жылы еліміз бойынша 3 200 жан қажылық парызын өтейтін болады. Қазіргі уақытта олардың барлығы қажетті рәсімдеуден өтіп, медициналық екпе ектіріп, ұлық сапарға дайындық үстінде. Жерлестеріміздің қасиетті мекендегі сапарларын ҚМДБ Қажылық миссия тобы қадағалайтын болады. Топ құрамындағы арнайы уағызшы имамдар тобы әр рәсімнің тарихы мен тағылымын түсіндіріп, сапардың сауапты өтуіне септігін тигізсе, миссия құрамына жоғары санатты дәрігерлер қажыларға медициналық қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ, миссия құрамында қажылық маусымы кезінде қасиетті мекеннен арнайы хабар таратып отыратын тілшілер де бар.  

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.