Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қазақстандықтар қажылыққа аттанды

0 1  013

Шымкент әуежайынан қажылық сапарына ниеттенген қазақстандықтардың алғашқы легі Меккеге аттанды. Оларды таң сәресімен сапарға шығарып салу салтанаты өтіп, Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев сөз алып Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың құттықтау сәлемін жеткізді. Мүфтидің хатында: «Қасиетті қажылық парызының жауапкершілігі мен марапаты шексіз құлшылық. Мүмкіндігі жеткен әрбір мұсылман баласына қажылық ғибадаты парыз болғандықтан, оны орындаушы, ең бірінші, Алланың сый-сияпатына кенеледі. Қажылық ғибадатын ықыласпен орындаған адамның күнәларының кешірілетіні жайлы Пайғамбарымыз (Алланың оған игілі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім қажылық парызын өтеу барысында бос әрі жаман сөзден, сондай-ақ, үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстаса, анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады»,– делінген. Еске салсақ, биыл Қазақстаннан қажылық сапарын өтеу үшін 3200 адам Сауд Арабиясына аттанады.

kazislam.kz 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.