Take a fresh look at your lifestyle.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ТОЛЫҒЫМЕН МЕККЕГЕ ЖЕТТІ

0 160
Бүгін Сауд Арабиясының уақытымен түнгі 10-да Қазақстаннан ұшқан соңғы рейс Джиддаға келіп қонды.

Осылайша 400 қажыны Джидда қаласындағы Консулдық өкілдері мен Қазақстан қажылық миссияның жұмыс тобы күтіп алды.

Әуежайдан түскен бойда арнайы көліктермен Меккеге жеткізілген қажыларды ұйымдастыру тобы қонақүйлерге орналастырды. Енді бірер күннен соң елден келгендер үлкен қажылығын өтеуге кіріседі.

Еске салсақ, биыл елімізден 3200 қазақстандық қажылығын өтеуге келді.

www.muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.