Take a fresh look at your lifestyle.

АРАФА КҮНІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚПЕН ӨТТІ

0 194

Мұсылман қауымы аңсаған қасиетті Құрбан айт та келіп жетті. Осыған орай, Құрбан айттың қарсаңында және Арафа күнінің құрметіне, Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйытқы болуымен және «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.

Аталмыш ізгі шараға жиналғандарды найб имам Әділ Агитаев келе жатқан қасиетті Құрбан айтпен құттықтап, Арафа күнінің артықшылықтары жайлы айтып бері. Сондай-ақ, елордалық көмекке зәру көп балалы жалғыз бастты әлеуметтік жағдайы төмен он отбасына қайырымдылық пәкеттерін үлестірді. Көмек алушы отбасылар бұл игі шараны ұйымдастыруышыларға өз ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне береке тіледі.

Мешіт жанынан құрылған «Аналар мектебі» рухани клубының жетекшісі, ұстаз Әлия Аусағатова және Айгүл Көксегенқызы бұл ізгі қайырымдылық шаралары жыл бойы жалғаса бертіндігін айтты.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз орталығы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.