Take a fresh look at your lifestyle.

«ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІ ҚАРИМЕН ТОЛЫҚТЫ (ФОТО)

0 470

16-тамызНұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен, «Ғылмани» мешіті жаңа білікті ұстазбен толықты.

Қасиетті жұма күні «Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов жұма уағызынан кейін, жамағатқа ұстаз Күлер Нұреддинді таныстырды. Аталмыш жиында имам Бас мүфтидің бұйрық хатын оқып, жаңа маманның дін жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.

«Нұреддин Абдусамадұлының қарилық қырын да айрықша атап өтуге болады. Алла қаласа, мешітіміздегі көптеген шәкірттер діни дәріс алып жатыр, міне соларға Құран жаттатуда мол үлесін қосады деген сенімдеміз», – деді Бас имам Нұрлан Рамазанов.

Күлер Нұреддин Абдусамадұлы – 1986 жылы, 22-сәуірде туған.

2001-2004 ж.ж Шымкент қаласы «Дар-аль-арқам» Құран карім орталығында 30 пара құран жаттады;

2007-2011 ж.ж Египет араб республикасы “Аль-Азхар” университетінде оқыды;

2011-2015 ж.ж “Нұр-Мүбарак” египет ислам мәдениеті университеті исламтану факултетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2014-2017 ж.ж Алматы қаласы «Қалкаман-2» мешітінде азаншы;

2017-2018 ж.ж Алматы қаласы «Ақсай» мешітінде ұстаз;

2018-2019 ж.ж Алматы қаласы «Таугүл-3» мешітінде ұстаздық қызметін атқарды.

Отбасы құрған, 3 баланың әкесі.

 «Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.