Take a fresh look at your lifestyle.

«Астана» медресесінің жанынан қыздар бөлімі ашылды

0 166
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Астана» медресесі 2019-2020 жаңа оқу жылына 0112000-ИСЛАМТАНУ мамандығының 0112023-Ислам негізінің мұғалімі біліктілігі бойынша қыздар бөліміне 16-26 тамыз аралығында талапкерлерді оқуға қабылдайды. Медресеге 17-ден 25-жасқа дейінгі жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар талапкерлер қабылданады.

Оқуға қажетті құжаттарды қабылдау орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 36 («Нұр Астана» мешітінің жанында орналасқан) Байланыс телефондары: 8 (7172) 44 58 44,

Қабылдау бөлімі: Рахымжан ұстаз +7702 042 11 95

Қажетті құжаттар тізімі:

– Өтініш;

– Медресе директоры атына өтініш;

– Өмірбаян;

– Орта білім беру туралы аттестат (түпнұсқасы);

– 086- нысанындағы дәрігерлік анықтама + (флюрография);

– Көлемі 3*4 сурет (4 дана);

– Психодиспансерден анықтама;

– Наркодиспансерден анықтама

– Жеке куәліктің көшірмесі;

– Тұрғылықты жерден анықтама;

– Сотталмағандығы жөнінде анықтама;

– 063 үлгідегі анықтама

– Скоросшиватель;

– Конверт;    

 www.muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.