Take a fresh look at your lifestyle.

Исламдық қаржыландырудың игілігі мол

0 179
Алматыдағы діни басқарманың ғимаратында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Аль Сақр Финанс» АҚ ТМД нарығында қызмет көрсететін жетекші исламдық қаржылық компанияның басқарма төрағасы Данияр Оспановты қабылдады. 

Әңгімеге соңғы жылдары бүкіл әлемде рөлі артып келе жатқан исламдық қаржыландырудың Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен дамытуға ықпал ету мақсатында оған қор құюдың балама көздерін енгізу жайы сөз болды. Оның ішінде индустриялдық даму жоспарларын жүзеге асыру үшін сыртқы ұзақ мерзімді инвестициялар тарту қажеттігі, инвестициялық ағындарды әртараптандыру, сондай-ақ халыққа қаржыландырудың балама көздерін ұсыну туралы пікірлер ортаға салынды. Бұл үшін ең алдымен Исламдық қаржы жүйесінің не екенін және оның қалай жұмыс істейтінін көпшілікке түсіндіру қажет. Осыған орай Наурызбай қажы Тағанұлы Исламдық банк жүйесі қызметкерлерінің діндарлар арасында исламдық қаржыландырудың тәртібі мен ерекшелігі жайлы жүйелі түрде семинарлар өткізу және келесі жылдан бастап бұған қатысты нақты іс-шаралар белгілеу қажеттігін қаперге салды. 
Ислам банкі қарапайым банктен тек екі бағыт бойынша ерекшеленеді: этикалық түсініктер мен банктік өнімдер, бұл ретте екінші бағыт біріншісінен туындайды. Басқа тұстарында екі банк бір-біріне ұқсас. Ислам банкінің дәстүрлі банктен ең басты айырмашылығы Ислам қағидаларымен тыйым салынған банктік пайыздардан толық бас тарту болып табылады. 
Исламдық банктер мен қаржылық компаниялардың қызмет көрсету қағидалары: пайыздарға тыйым салу, доңыз шаруашылығы мен алкоголь, ойын-сауық индустрияларымен, Исламның құқықтық және этикалық нормаларына қайшы келетін, қару-жарақ және оқ-дәрі өндірісі секілді барлығына тыйым салып, қаржыландырудың Исламдық қағидаларын берік ұстану.
Сонда Ислам банктері мен қаржылық компаниялары қалай табыс табады? Қаржыландырудың ислам қағидалары сауда қатынастарына рұқсат береді, алайда пайызға қаржыландыру ұсынуға тыйым салады. 
Қазіргі кезде Ислам банктері мен қаржылық компаниялар клиенттерге жылжымайтын мүлікті немесе құрал-жабдықты сатып алуға, құрылыс және ауылшаруашылық жобаларын, шағын және орта бизнесті және т.б. қаржыландыруға рұқсат береді, сонымен қатар оны сатып алу-сату, лизинг немесе жобаға үлестік қатысу арқылы табыс табады. 
Заңды және жеке тұлғалардың салымдары бойынша сыйақы көзделген бе? Мысалы, дәстүрлі банктерде олар өзінің салымы үшін сыйақы ретінде белгілі бір пайызды алса, ал Ислам банктерінде бұл салымшының банктік шот ашу келісім шартына тікелей байланысты.

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.