Take a fresh look at your lifestyle.

«ТАЛАБА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ (ФОТО)

0 207

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Талаба» қауымдастығы құрылды. Бұл – шетелдік оқу орындарында діни бағытта оқитын қазақстандық студенттермен жүйелі жұмыс жүргізетін, бірлескен игі жобаларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.

Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Тілепберген Жәкиевті қабылдап, ұйымның алда атқарар жұмыстарымен танысты. Кездесуге Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев қатысты.

Қауымдастық ҚМДБ мен шетелде діни білім алатын студенттер арасында алтын көпірге айналмақ. Оларға әлеуметтік көмек көрсету, түрлі діни ағымдардың уағызына алданып қалмауын қадағалау, әртүрлі бағытта игі шараларды ұйымдастыру, т.б. – «Талаба» қауымдастығының негізгі мақсаты.

Кездесу соңында Серікбай Сатыбалдыұлы қауымдастық жетекшісі мен оның құрамына енген азаматтарға нақты тапсырмалар берді.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.