Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Ғылмани» мешіті 120 баланы мектепке дайындады (ФОТО+ВИДЕО)

0 1  150

26-тамыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бүгін «Ғылмани» мешітінде де «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Жылдағы үрдіс бойынша елордалық мейірімді жандардың демеуішілігімен 120 балаға мектеп сөмкесі және оқу құралдары таратылды. Сондай-ақ, әр балаға 5000 теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.

Шараға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов және «Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Бекболатұлы қатысты.

Сөз алған Жұманазар Өсерханұлы бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім сапарларына сәттілік тілей келе: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруыменен жыл сайын дәстүрлі түрде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп келеді. Биыл елорда мешіттері мыңға жуық баланы мектепке дайындап отыр. Осы акцияға атсалысып, демеушілік жасап жатқан атымтай азаматтарға Алла риза болсын, кәсіптеріне береке берсін!», – деген тілегін білдірді.

Аталмыш акцияға ата-аналар қауымы дән ризашылықтарын жеткізді. Осылайша, мешітіміздің ұйытқы болуымен қаламыздағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балалар жаңа оқу жылына көңілді баруына сақадай сай.

«Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.