Take a fresh look at your lifestyle.

АТА ЗАҢ ҺӘМ АДАМНЫҢ АР-ОЖДАНЫ

0 128
Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

30 тамыз – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бұл – баршаға ортақ мереке – Конституция күні. Елдің Ата Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы.

Ата Заңымыздың алғашқы бабында айқын жазылғандай, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Тегіне, нәсіліне, ұлтына, тілі мен дініне байланысты ешкімді кемсітуге болмайды. Өйткені, Конституция бойынша адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

Асыл дініміз – Исламда адамның қадір-қасиеті, ар-ожданы, наным-сенімі жоғары мәртебеге ие. Алла Елшісі: «Уа, халайық! …Мына қала (Мекке) қандай қасиетті болса, жандарың, малдарың, намыстарың да сондай қасиетті, әртүрлі зорлық-зомбылықтан қорғалған…» – деп өсиет қалдырған. Құран Кәрімде «Бақара» сүресінің 256-аятында: «Дінде зорлық жоқ…» – деп баяндалған.

Адамзат баласы қауымдасып өмір сүруге бейім жаратылған. Қоғамдық тәртіп орнаған қауым қашан да өркениет көшінен қалмаған. Даңқты батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының:«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», – деген ұлағатты сөзі көп жайтты ұғындырса керек…

Алла Тағала жұртымызға тыныштық, елімізге амандық берсін! Ата Заңымызды ардақтаған бейбіт сүйер халқымыздың берекесі тасып, ырысы молайсын. Ынтымаққа ұйысқан ұлтымызға татулық мәңгілік тұрақтасын деп тілейміз. Әмин!   

www.muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.