Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ! (+видео)

0 1  520

Құрметті Елорда жамағаты!!!

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ерлер және әйелдерге арналған 2019-2020 жылғы  діни сауат ашу курсының жаңа оқу маусымы басталды.

Құран әліппесі, Тәжуид, Ақида, Хадис, Сира һәм Фиқһ қатарлы ислам ілімдерінен дәрістер оқытылады.

Республикалық ақпараттық-насихат тобы құрамындағы ұстаздар және «Әл-Азһар», «Нұр-Мүбәрак» университеті, «Хасеки» академиясын тәмамдаған білікті дін мамандары һәм қарилар аталмыш пәндерден дәрістер өтеді.

Курсты толық тәмамдаған шәкірттерге

Жыл соңында арнайы сертификат беріледі.

УАҚЫТЫ:

Таңғы бөлім: 10:00-12:00 аралығында;

Түскі бөлім: 15:00-17:00 аралығында;

Кешкі бөлім: Ақшам намазы мен Құптан намазы аралығында.

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

11 жастағы балар және ересектер қабылданады.

Тіркелушінің жеке куәлігі болуы қажет.

Жасөспірім балалар үшін ата-анасы өтініш беруі міндетті.

Қабылдау уақыты: 1-қыркүйектен 10-қыркүйекке дейін.

Илаһи ілімнен қапы қалмаңыздар!

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.