Take a fresh look at your lifestyle.

«Жиһад» ұғымының мәні мен мазмұны

0 199

Бүгінгі күнде ата дініміз – исламның атына кір келтіру саясаты өршіп тұрғанын ақылы бар азаматтар көріп отыр. Алла тағала Құранда «Олар Алланың нұрын өшіргілері келеді, бірақ Алла өзінің нұрын кәміл етпей қоймайды» — дейді. Осылайша Мұхаммед алайһи сәләмнің заманында басталған дінге қарсы қастандық, қияметке дейін толастар емес. Құрайыш мүшріктері исламның таралуына тосқауыл қоямыз деп, барша жалаларды жапты. Пайғамбарға «жынды, сиқыршы, ауру» деген лақаптарды тағып, жолын кесуге әрекеттенді. Бірақ, Алланың қалауы мүлде басқа болды. Құрайыш мүшріктері билеп отырған араб жазирасы екі онжылдың ішінде ғана толығымен хақ дін — Исламды қабылдап, бас иді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.