Take a fresh look at your lifestyle.

АШУРА КҮНІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚПЕН ӨТТІ

0 91

Мұсылман қауымның қасиетті күндердің бірі – Ашура күнінің құрметіне, Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйытқы болуымен және «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.

Аталмыш ізгі шараға жиналғандарға наиб имам Рахматулла Байбенов Ашура күнінің артықшылықтары жайлы айтып бері. Сондай-ақ, Мешіт жанынан құрылған «Аналар мектебі» рухани клубының жетекшісі, ұстаз Әлия Аусағатова елордалық көмекке зәру көп балалы жалғыз басты әлеуметтік жағдайы төмен он отбасына қайырымдылық пәкеттерін үлестірді. Көмек алушы отбасылар бұл игі шараны ұйымдастыруышыларға өз ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне береке тіледі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз орталығы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.