Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Діни сауат ашу курсының жаңа маусымы басталды (фото)

0 1  373

Бүгін “С.Ғылмани” мешітінде Бас имам Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен, Діни сауат ашу курсының жаңа оқу маусымының ашылу рәсімі болды. Аталмыш шарада наиб имам Әділ Агитаев жиналған шәкірттерге діни ілімді үйренудің артықшылықтары жайлы салиқалы ой қозғады. Сондай-ақ, шәкірттерге мешіт ақсақалдар қаумының өкілі Төлебай ата ақ батасын беріп, ұстаздардың жұмысына табыс тіледі. Діни сауат ашу курсы жылдағы үрдіс бойынша, таңғы, түскі және кешкі мезгілдерде арнайы бекітілген кестелер бойынша дәрістер оқытылады. Сонымен қатар, ақсақалдар, апалар, оқушылар және жалпы орта жастағы барша елордалық жамағат курсқа қатысып, діни білімін артыра алады. Жыл соңында курсты толық оқып шыққан шәкірттерге мешіт атынан арнайы сертификат табыс етіледі. 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.