Take a fresh look at your lifestyle.

Наиб мүфти «Ғасыр ғибраты» атты кітаптың таныстырылымына қатысты (ФОТО)

0 86
Ұлттық академиялық кітапханада филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметовтің «Ғасыр ғибраты» атты туындысының таныстырылымы болып өтті.

“Ғасыр ғибраты” бүгінгі таңдағы жаһанданған әлемнің геосаяси келбетін, Қазақстанның әлемдік геосаясаттағы орны мен беделін, антропогенез саласында әлем ғалымдарының қол жеткізген кейбір ғылыми жетістіктіктерін, сондай-ақ, мұсылман әлемінің бүгінгі болмыс-бітімін сипаттайтын ғибратты мақалалар мен очерктерден тұрады.

Автордың 2001-2019-жылдар аралығын қамтитын материалдар легі түгелдей еліміздің бас газеті – “Егемен Қазақстанда” жарық көрген. Бұл тұрғыдан келгенде, автордың жаңа туындысын жалпыұлттық газеттің 100 жылдығына арналған нақты сыйы десе де болады.

Әділ Ахметов – мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, танымал түрколог ғалым. Ол – Ресей және Қазақстан халықаралық жоғары мектеп ғылым академияларының мүшесі.

“Ғасыр ғибратының” таныстырылымына елімізге танымал тұлғалар мен ғалымдар қатысты.

Наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан өз кезегінде сөз алып, ҚМДБ Төрағасы Серікбай қажы Ораздың сәлемі мен игі тілегін жеткізді.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.