Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елордада жаңа мешіт ашылды (ФОТО+ВИДЕО)

0 1  018
Бүгінгі қасиетті жұма Елорда жамағаты үшін айрықша қуанышқа толы болды. Қала шетінде орналасқан Байқоңыр ауданындағы Өндіріс елдімекенінде “Әр-Рахман” мешітінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Халық саны тығыз орналасқан бұл аудандағы басты мәселелердің бірі – құлшылық ордасының жоқтығы болатын. Көптен күткен қуанышты оқиғаға жиылған жамағаттың көптігі де осыны аңғарта түскендей. Алысқа сабылмай, жақын жерде Жаратқанға құлшылық жасауға мүмкіндік туғанына тұрғындардың барлығы да дән риза.

Құран аяттарымен шымылдығы ашылған игі шараға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, қасиетті құлшылық ордасының тұсауын кесті. Сондай-ақ, жамағатпен жұма намазы оқылып, сол ауылдың ауызы дуалы ақсақалдары көпшілікке батасын берді.

Айта кетсек, бұрын “Нұр Астана” мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған Руслан Байзақов “Әр-Рахман” мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

 

http://muslim.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.