Take a fresh look at your lifestyle.

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ ТҮРКИЯ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

0 165
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркияда басталған “Дін қызметкерлері және мешіт” апталығының ашылуына қатысты. Салтанатты шараның шымылдығын Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Әли Ербаш ашты.

Игі шараға Қазақстан тарапынан ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Іс басқарушы Ербосын Орын, Қажылық және ұмра бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Әбдіхалықов, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Жиында сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

“Қадірлі дін қызметкерлері!
Баршаңызға Атажұрттағы ағайынның Анадолыдағы бауырларына, яғни Сіздерге жолдаған дұғай сәлемін жеткізуге рұқсат етіңіздер! Алланың сіздерге амандығы мен берекеті болсын!
Баршаңызды “Дін қызметкерлері мен мешіт” апталығының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл бастама Түркиядағы барша туысқан түрік бауырлардың рухани өміріне үлкен серпін береді деп сенемін.
Түркия – әріптес әрі ең жақын бауырлас ел. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Түркия арасындағы достық, бауырмалдық байланысты жоғары деңгейге көтерді.
Аллаға шүкір, бауырлас елдердің діни саладағы байланысы да артып келеді.
Алла Тағала Құранда бұйырғандай, біз бір-бірімізге жақсы істерде көмектесуіміз керек. Ол үшін ең алдымен бірлік керек.
Алла Тағала біздің бірлігімізді баянды етсін, түркі жұртына, барша мұсылман үмбетіне жар болсын!” – деп атап өтті.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.