Take a fresh look at your lifestyle.

Елорда мешіттерінің әйел ұстаздарына арналған семинар өтті (ФОТО)

0 252
Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласындағы әйел ұстаздарға арналған екікүндік семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Елорда мешіттерінде қызмет атқаратын әйел ұстаздардың біліктілігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинар жұмысы аясында теріс ағымдарға қарсы күрес шаралары, дәстүрлі Ислам құндылықтары мен отбасы бақытын насихаттау жұмыстары, т.б. тақырыптар қозғалып, білікті мамандардың кеңесіне қанықты.

Семинардың бірінші күні әйел ұстаздарға «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің бас имамы, белгілі теолог Нұрлан Рамазанов теріс ағымдар жайлы дәріс оқып, эктремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізудің тетіктері мен жолдары жайлы түсіндірді.

Екі күнге созылған семинар аясында әйел ұстаздарға әлеуметтік желіні пайдалану әдебі мен қосымша артықшылықтары жайлы да айтылды. Ғаламтор желісіндегі дін насихатын дамыта түсудің түрлі тетіктері көрсетіліп, қатысушылар үшін қажетті мәліметтер берілді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.