Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Талас-тартыстар» талқыланды (фото)

0 997

Нұр-Сұлтан. 14-қазан. Sunna.kz – Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде, ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы және «Аналар мектебі» рухани клубының жетекшісі, әйелдер жамағатының ұстаздары Әлия Аусағатова мен Айгүл Көксегенқызының ұйымдастыруымен, дөңгелекүстел өтті.

Аталмыш жиында Ислам мәдениеті мен білім қолдау қоры және ҚМДБ-ның қолдауымен аударылып шаққан Шейх Мухаммад Садық Мухаммад Юсуфтың «Талас-тартыстар (Ихтиләфтар)» атты кітабы талқыланды. Дөңгелекүстелге қатысқан әйел жамағаты кітаптағы  ихтиләфтар мәселелер жайлы мол мағылұмат алып, өздері пікірлерімен бөлісті.

«Аналар мектебі» клубы қайырымдылық, діни-рухани шаралармен қоса, алда осындай ағарту саласына арналған игі істерді де жалғастыра бермек.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.