Take a fresh look at your lifestyle.

Бас имам «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын түсіндіріп өтті (фото)

0 183

Нұр-Сұлтан. 24-қазан. Sunna.kz – Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Бауыржан Есмахан «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын мешіт қызметкерлері мен жамағатқа таныстырды.

Елорда төрінде өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Республикалық имамдар форумына еліміздің барлық өңірінен 500 имам жиналған алқалы жиынға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Бауыржан Есмахан және наиб имамдар  мен ұстаздар белсенді қатысқан болатын. Аталмыш жиын барысында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасын Бас имам мешіт қызметкерлеріне, ақсақалдар алқасына, шәкірттерге және мешіт жамағатына жеке-жеке түсіндіріп, егжей-тегжейлі таныстырып өтті.

«Кешегі елорда төрінде өткен айтулы жиында қызу қолдауға ие болған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы – бұл еліміздің әр мұсылманы үшін қажетті бағдар. Бұл «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы – бір сөзбен айтқанда, бағыт сілтер темірқазық һәм рухани азық», – деді Бас имам Бауыржан Есмахан.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

ИМАМДАР ФОРУМЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ (ВИДЕО)

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.