Take a fresh look at your lifestyle.

ИМАМДАР ФОРУМЫ «АШЫҚ АЛАҢДА» ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)  

0 100
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасы кезекті шығарылымын Елордада өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумына арнады. 

Бағдарламаға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов, Ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, белгілі ғалым Омар Жәлелұлы, дінтанушы-ғалым Тұрар Әбуов, журналист Мұхтар Тұртайұлы қатысты.

Сарапшылар форумда қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы», «Діни рәсімдер тізілімі» құжаттарын талқылады. Сонымен қатар, қоғамға рухани құндылықтарды насихаттаудың тетіктерін ортаға салды.

Бағдарламаның бас қонағы болған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: «Расында, тіршіліктің құлшылықсыз, ал құлшылықтың тіршіліксіз мәні болмайтыны секілді, адамның өмір сүру салты мың құбылған мына заманда рухани құндылықтар маңызы күн санап артуда. Ізгілікке негізделмеген істің ілгері жүрмейтінін өмірдің өзі дәлелдеуде.

Сондықтан үшінші имамдар форумына «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты тақырыпты арқау етіп алдық. Тарихымызға зер салсақ, «ахун», «қалпе», «ишан» деген діни лауазымдар болған. Олардың атқаратын діни қызметі бір болғанымен, бағыты мен саласы әртүрлі. Осы ретте біз діни рәсімдердің тізілімін әзірлеп, бекіттік. Бұл – заманның талабынан, қоғамның сұранысынан туындаған тарихи құжат. 45 тармақтан тұратын тізілім – қоғамға қажетті діни рәсімдер», – деп атап өтті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.