Take a fresh look at your lifestyle.

Нұриддин Күлер: Ең абзалы – Құран оқу…

0 106

Нұр-Сұлтан. 31-қазан. Sunna.kz – Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Бауыржан Есмаханның ұйымдастыруымен, әр бейсенбі ақшам намазынан кейін мешіт жамағатына ауызашар дастарханы жайылып, уағыз-насихаттар айтылуда.

Қалыптасқан үрдіс бойынша бұл бейсенбіде мешіт ұстазы Нұриддин қари Күлер Алланың кәлімі болған қасиетті Құранды оқудың маңыздылығын қамтыған «Ең абзалы – Құран оқу…» атты тақырыпта уағыз айтты.

«Қасиетті Құран 114 суреден тұратын Алла Тағаланың Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) түсірген тұра жол көрсететін муғжиза кітап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

خيركم من تعلم القرآن و علمه

«Сендердің ең жақсыларың Құранды үйренгендерің және оны басқаларға үйреткендерің»  деген өсиетінде бізге сүйіншілеген жақсылардың қатарында көріну үшін Құранды жаттаудың өте үлкен сауап екенін түсінеміз. Әлбетте, 600-ден астам бетті есте сақтау оңай дүние емес. Әйткенмен, әлемде миллиондаған Құран ғашықтары қариларға қарап, мен де жаттай аламын деген үміт әр адамның бойында болу керек. 

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір құдси хадисінде «Жаратушымыз Құранмен шұғылданып Алла Тағалаға дұға жасауға, тілек тілеуге уақыт таба алмаған кұлына қарағанда, Құран оқып дұға жасап жүрген құлына беретін артық нығмет беретінін» ұмытпаңыз дейді», – деді «С.Ғылмани» мешітінің ұстазы Нұриддин Күлер.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.