Take a fresh look at your lifestyle.

Әр нәрсенің жауһары бар…

0 358

Бірде, бір әйел бір топ адамдардың жанынан өтіп бара жатып: «Араларыңда ең білімділерің қайсың?» – деп сұрайды. Олар араларындағы біреуге ишарат етіп көрсетеді. Әлгі әйел одан: «Сен қалай тамақ ішесің?» деп сұрақ қояды.

– «Бисмилләны айтып, оң қолыммен, алдымнан, жақсылап шайнап жеймін» – деп жауап қатады.

– «Қалай ұйықтайсың?»

– «Дәретімді алып, оң жағыма жастанып, зікірімді айтып ұйқыға барамын»

– «Сен не қалай тамақ ішуді не қалай ұйықтауды да білмейді екенсің!». Білімді таңданысын жасыра алмай оған қарап: «Олай болса, қалай тамақ ішеміз және ұйықтаймыз?» – деп, әйелдің өзіне сұрағын бағыттайды. Әйел: «Тамағыңды қалай жесең олай же, бірақ асқазаныңа арам нәрсе кірмесін. Қалай ұйықтасаң олай ұйықта, бірақ жүрегіңде біреуге деген жеккөрініш болмасын. Сенің айтқаның – әр нәрсенің әдебі. Ал менің айтқаным – әр нәрсенің жауһары және ақиқаты» – деп жауап берген екен.  

Шынымен де, біз қазыр құлшылықтың жауһарына мән бермей сыртқы көрініспен әлекпіз. Жастарымыз сыртқы бейнеге қарап, мұсылмандығымызды өлшейтін болды. Нәтижесінде, дініміз қасиеттіге емес, қасіретке айналды. Демек, жас буынға құлшылықтың мәні мен жауһарын үйретуіміз қажет.

Қанат Алшынбаев

исламтанушы, теолог

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.