Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.Ғылмани» мешіті Мәуліт мерекесін бастады (фото)

0 1  510

Нұр-Сұлтан. 8-қараша. Sunna.kz – Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен, қасиетті жұма күні Мәуліт оқылып, жамағатқа құрма таратылды.

Бұл ай – Рабиүл-әууәл айы – Алла Тағаланың ең сүйiктi пендесi, Адамнан (ғ.с.) Исаға (ғ.с.) дейiнгi барлық пайғамбарлардың соңғысы, әрi сардары –Мұхаммедтiң (с.а.у.) дүниеге келген айына атау етiп қойылған. Сондықтан да әр жылы рабиүл-әууәл айында әз-Пайғамбарымыздың мәулiтiн мерекелеп, Мұхаммедке (с.а.у.) үмметтері салауаттар айтады.

Сондықтан да қасиетті Мәуліт мерекесінің құрметіне орай, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұмаға жиналған жамағатқа құрма таратылды. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері жамағатқа дін қайраткері, қази Сәдуақас Ғылманидың «Мәуліт» кітабын тарту етті.

Қасиетті жұма намазынан бұрын республикалы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, белгілі қари Жұманазар Садырханов арнайы келіп, Мәуліт оқыды. Жамағатпен бірге салауаттар айтылды.

Сондай-ақ, бас имам Бауыржан Есмахан жиналған жамағатқа мешіттің ресми ақпарттық рухани-танымдық сайты SUNNA.KZ порталында «Адамзаттың ардақтысы» атты мүшайра жариялағанын жеткізді.

Осылайша, қасиетті Мәуліт мерекесінің алғашқы іс-шаралары мешітімізде басталып та кетті.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.