Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дін және салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз аясында ой толғау

0 347

Бала кезімізден ата-әжелеріміздің, әке-аналарымыздың ой-талғамы, дүниетанымын байқасақ үнемі жақсы мен жаманды, адал мен арамды, алғыс пен қарғысты, сауап пен күнаны ажыратып түсіндіріп бойымызға сіңіре білген.

Халқымыздың күнәлардан аулақ ұстанғаны соншама қазақтар арасында бірде бір ұрлық болмаған. Әлі есімізде ешқашанда үйдің есіктеріне құлып салынбаған. Сан ғасырлардан сақталған әдет-ғұрпымызда да ата-бабаларымыз ұрпақтарын арамнан сақтануға үндеп, оларға тыйым салған.

Өкінішке орай елімізді отарлау саясатында және кеңес үкіметі кезінде арақ-шарап, шылым тарту, ашана шегу кесел болып жабысты. Бұрынғы замандарда ешуақытта ата-бабаларымыз арақ-шарап ішпеген. Сол сияқты құмар ойындарды да арам деп санаған. Өздерін ондай ойындардан аулақ ұстаған. Аманатқа қиянат жасамаған. Берген уәдесіне берік болған. Ол кезде тәрбиенің ең маңыздысы ата-әженің берген тәрбиесі…

2016 жылдың 12 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Раушан Тәуірханқызының «Нұрғиса берген ақ бата» (Қазақ елінің біртуар перзенті, дәулескер күйші, әйгілі сазгер Нұргиса Тілендиев) – атты мақаласында менің «Ата өсиеті» өлеңімді естіп бата алғаным жайлы жазған болатын.

Сан ғасырлар бойы ата –әжелердің өз немерелеріне ақыл-кеңес, тәрбие беріп іс-әрекеттерімен үлгі көрсетіп, өмір мектебінен өткізіп отыратын болған сияқты менде бала кезімнен ата, ана тәрбиесін көріп өскен үлгілірін өлең-жырға қосқан болатынмын.

 

АТА ӨСИЕТІ

Есімде бал дәуренді бала кезім,

Доп қуып, асық ойнап жүруші едім.

Алдыма құлыным кел отыршы деп,

Атамның ұмытпаймын айтқан сөзін.

Жанында атамның мен еріп жүрдім,

Сәлемді үлкендерге беріп жүрдім.

Ағаны іні силап ардақтаған,

Құрметті үлгі болар көріп жүрдім.

Бір күні атам маған келші деді,

Иіскейін маңдайыңды берші деді.

Ақыл ғып қасиетті сөз айтайын,

Есіңде мәңгі сақтап жүрші деді.

Бірінші, жасы үлкенді сыйлап өткін,

Ғарып пен жетімдерге рақым еткін.

Тілерім тәңірімнің нұры жауып,

Өмірде мұратыңа қолың жеткін.

Екінші, қылжақпас сен қылжың болма,

Бар болса, қолда дәулет мастық қылма.

Құр бекер кеуде соғып, есерленіп,

Менменшіл, мақтаншақ боп мылжың болма.

Үшінші, харам дәмді мүлдем алма,

Орынсыз жиын тойға әсте барма.

Құр бекер түсінбесе ақыл айтып,

Араға түсемін деп әуре болма.

Төртінші, дос жараның адал болсын,

Солармен силастықта бағың жансын.

Аралап шартарапты білім ізде,

Әр қашан Қыдыр бабам қолдап жүрсін.

Бесінші берері көп тәңірімнің,

Бөлінген нәсібесі әр құлының.

Жемісін көп көрерсің ерінбесең,

Халқыңа адал қылған еңбегіңнің.

Алтыншы, айтарым сен ақылды бол,

Істерге әділетсіз батымды бол.

Батасын үлкендердің ала жүріп,

Аға мен інілерге қадірлі бол.

Жетінші, жеті атаңды біліп жүргін,

Туысқа қамқорыңды қылып жүргін.

Жиналған жақындардың ортасына,

Барыңмен ел қатарлы барып жүргін.

Бұл балам саған айтқан өсиетім,

Атаңның түсінерсің қасиетін.

Жас кезде мән бермей жүрмең-дағы,

Боларсың ақыл кірсе, бас иетін.

Міне осы өлең аясында да қаншамы жақсыдан үлгі алатын, харам, жамандықтан аулақ болатын өсиет – уағыздарын жастарға, немерелеріне жеткізе білген.

Ата ананың қадірі Ислам дінінде ата-анаға қатты мән беріліп, адамзаттың ішінде ең қастерлі де сыйлы жан ретінде құрмет көрсетілген.

Құран аяттары мен хадистерінде ата-ананы сыйлау, оларға қарсы келмеу, қолғабыста болып, айтқанын екі етпеу, қартайғанда көңілдеріне қаяу түсірмей, қамқорлық көрсету мәселелері жиі айтылады.

Мысалы, Құранда Алла тағала «Біз адам баласына ата-анаға жақсылық жасауға бұйырдық».  (“Аһқаф” сүресі 15-16-аяттар).

Ата ананың ақысы оны өтеу мүмкін емес. Ата-әже, әке-ана қасиетін өскенде түсінерсің деп ақыл береді. Аманатқа қиянат жасамаған. Көпшілік пайдаланатын жерлер халқымыз мұсылмандық дәстүрге бойұсынып көпшіліктің жері деп құрметтепен қарап күтетін болған.

«Құдайдың қара жері,» «құдайдың қара суы» деп санаған соны жастардың бойына сіңіре білген.

Міне, осылайша Ислам дәстүрімен өмірін түзуге ұмтылған халқымыздың Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөздері мен сүннеттерін  басшылыққа алғаны шындық.

Көпшілік халықтарда жоқ – қазақ әдебиеті ауызша дәстүрді ұстанған. Енді міне ата-бабаларымыз сан ғасырлардан бері аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген салт-дәстүріміз, әдет ғұрпымызбен елімізде Ислам дінінің қарқынды дамып келе жатқаны белгілі. Жаббар Ием жар болғай .

Ел-елде қалаларда мешіттердің көптеп салынуы, мектептерде дінтану пәнінің еңгізілуі, медреселер мен қайырымдылық қорларының ашылып, діни сабақтар беріп, жастарды имандылыққа баулу ісі белең алуда.

Оспан қажы Сүлеймен

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.