Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жыл басынан бері 92 155 уағыз-насихат айтылды

0 221

2022 жылдың алғашқы сегіз айында мешіт имамдары, РАНТ және ЖАНТ мүшелері жамағатқа 92 155 уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров айтты. Елордада өткен кеңейтілген Орталық аппарат жиналысында Батыржан Берденұлы «Уағыз-насихат және ихсан бағыты» бағытында қаңтар-тамыз айларының есебін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына баяндады. «Мешіт имамдары 78 695 уағыз-насихат жұмыстарын атқарса, РАНТ мүшелері 888, ЖАНТ мүшелері 12 572 уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Жалпы алғанда қазақ тілінде 89 960, ал, орыс тілінде 2195 уағыз айтылды. Қатысқан жамағат саны қайталанып келгенде 20 миллионнан асады. Бұдан бөлек ихсан бағытында сегіз ай ішінде 10 101 іс-шара атқарылды» деді бөлім меңгерушісі. Сондай-ақ бөлімге қарасты Жастар ісі секторы 138 856 адам қамтылған 7093 іс-шара өткізсе, Әйел-қыздар секторы 59 171 шара атқарып, оған 362 793 адам қатысты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.