Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Расулалланың (с.ғ.с) сыйлық алуы мен беруі

0 304

Сахабалары Хазіреті Пайғамбарға әр түрлі сыйлықтар жіберетін. Пайғамбарымыз (саллаллаһуаләйһи уә сәлләм) достары мен жақындарының жіберген сыйлықтарын сүйіспеншілікпен алатын, кері қайтармайтын.
Бір күні бір кісі Расулаллаға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мата тарту етеді. Бірақ сол матаны басқа біреу сұрағанда бере салады.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сыйлық бергендерге өзі де сый тартуды ұнататын. Бірде Фазараұлдарының бірі түйе сыйлаған еді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған сыйына сый жасауға әрекет жасағанда, ол қатты қысылады. Осыны байқаған Алла Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сендер маған сыйлық әкеліп жатырсындар. Мен алып жатырмын. Ал, мен сол сыйлықтарыңа лайық қайтарым сыйлық берейін десем – қысыласыңдар. Егер осылай істейтін болсаңдар, мен де бұдан былай сендердің сыйлықтарыңды алмаймын», – дейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне жасалған игі іске жақсылық жасамаса тұра алмайтын. Ең жақын досы Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) көш кезінде бір түйені сыйға бергісі келеді, бірақ Ол сол мезетте оның ақысын төлейді.

Тағы бірде Мәдинада мешіт құрылысы кезінде Оған біреу жер береді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның ақысын төлеп барып алады. Сыйлық алысып-берісу сыйластыққа дәнекер болады деп, былай дейтін: «Сыйлық алып-берісіңдер. Бұл – бір-біріңе деген сүйіспеншілікті арттырады».

Сыйлықты тек бір жақ қана беріп қоя салатын болса, әрине, мұның ешқандай мәні жоқ. Себебі, адам баласы бойындағы сүйіспеншіліктің өлшемі – беру. Адам берген сайын сүйеді, сүйген сайын береді. Сыйлық алып-берісу сүйіспеншіліктің ең керемет құралы.

материал «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және Оның күнделікті іс-әрекеттері» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.