Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті діни сауат ашу курсына  шақырады (ФОТО)

0 1  205

Құрметті мұсылман бауырлар!

Сіздерді «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің білікті ер және әйел ұстаздары үстіміздегі жылдың 27-қыркүйегінен басталатын діни сауат ашу курсына шақырады!

Курсқа мектеп жасындағы оқушылар мен діни білімін жетілдіруді қалайтын барлық ерлер мен қыз-келіншектер қатыса алады.

Расында ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену.  Пағамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис шәрифінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», – делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтқан. Алла Тағала баршаңызға пайдалы білім нәсіп етсін!

«Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.