Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қадір түні жайлы рухани кеш өтті

0 296

Садуақас қажы Ғылмани мешітінің әйел жамағатынан құрылған «Аналар мектебі» мен Райса ана мешіті әйел жамағатынан құрылған «Райса ана келіншектер мектебі» біріге отырып «Қадір түнінің қасиетті» атты рухани ауызашар кешін өткізілді.

Кешке Астана қаласындағы барлық мешіттің әйел жамағаты, ұстаздар мен шәкірттер қауымы қатысты.

Кешті Астана қаласы бойынша әйел қыздар секторының меңгерушісі Бұқарбаева Элмира Ұстаз ашып берді. Э.Бұқарбаева жамағатты алда келе жатқан Қадір түнімен құттықтай отырып, қасиетті кешті ғапылдықпен өткізіп алмауға шақырды.

Астана қыздар медресесінің меңгерушісі Мадиева Ботагөз ұстаз Қадір түнінің қасиеті, аталмыш кештің дініміздегі орыны, бұл түннің адам баласының руханиятына әсері жайында тұщымды уағыз айтты.

Рухани кеште викториналық ойындар ойнатылып, қадір түн жайлы көрсетілім қойылды.

Кеш соңында барша жамағатқа сыйлық таратылды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.