Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қала бас имамы мешіт ақсақалдарымен мәжіліс құрды

0 203

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов «Әзірет Сұлтан» және «Ғылмани» мешіттерінің ақсақалдарымен арнайы кездесіп, тағылымға толы отырыс өткізді.

Барлығы дерлік мешіттегі Діни сауат ашу курсын тәмамдаған, бүгінде құлшылық ордасының өмірінде өзіндік орны бар, аузы дуалы ақсақалдардың ақ батасын алып, көптеген келелі жайттарды турасында кеңесіп қайтты.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов: «Ауылыңда қария болса, жазып қойған тең» демекші, өздеріңіздей көпті көрген, білгені мен түйгені терең ақсақалдарымыздың арқасында қазақ қоғамы қашанда нық тұрған. Үлкендердің батасын алуға асығып, ақылын тыңдауға ынтық халықтың баласымыз. Өздеріңізге мәлім, биылғы жылды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялап отыр. Осы орайда биылғы жұмыс-жоспарларымызды, жобаларымызды, ойға алған игі істер мен іргелі шараларымыз жайлы сіздермен ақылдасып, ақ баталарыңызмен бастауды жөн санап отырмыз», – деп, бүгінгі мәжілістің мән-жайын түсіндіріп, ақсақалдарға ізгі тілегін білдірді.

Мешіт ақсақалдары көрсетілген ілтипатқа ризашылықтарын білдіріп, ағалық ақыл-кеңестерін айтты. Мешіт жамағаты ретінде ұсыныс-тілектерін ортаға салып, құлшылық ордасының жай-күйіне жанашырлықтарын көрсетті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.