Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ұлағатты ұстаздарға арналған халықаралық конференция аяқталды (ФОТО)

0 409

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ҚМДБ ұйымдастыруымен өткен «Дін руханиятының ұлағатты ұстаздары» атты ғылыми-танымдық конференция мәресіне жетті.

Алқалы басқосу Қасиетті Құранмен басталып, Бас мүфти батасын жасады. Кейін Наурызбай қажы Тағанұлы Өзінің арнайы баяндамасын ұсынып, жиынға келген мәртебелі меймандарға алғысын жеткізді.

Конференцияға арнайы келген Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағалары Усманхан Алимов пен Жоробой қажы Шерғазыев Діни басқарма ұжымына алғысын білдіріп, Смановтар әулеті жайында жүрекжарды ізгі ниеттерін арнады.

Сондай-ақ ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Шамшәдин Керім, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Әбдісаттар, Әбдіғаппар Шәкірұлы жайлы өз естеліктерімен бөлісті.

Жиын соңында ұлағатты ұстаздарға арнап бағышталған Құран Хатым дұғасын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы оқып, әулетке дұға жасады.

Еске сала кетейік, айтулы конференцияға ҚМДБ тарапынан наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, бөлім басшылары мен облыс бас имамдары қатысты. 

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.