Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРІ ӨҢІР ЖУРНАЛИСТЕРІНЕ ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

0 1  697
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы, журналист Ағабек Қонарбайұлы Батыс Қазақстан облысының журналистеріне «Діни мақала жазудың әдістері мен ақпарат таратудың тәсілдері» деген тақырыпта тренинг өткізді, – деп хабарлайды ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі.

Тренингке облыстық, қалалық, аудандық ақпарат құралдарында қызмет ететін 30-дан астам тілшілер қатысты.

Ағабек Қонарбайұлы журналистерге діни салада ақпарат таратудың жауапкершілігі, жалған жаңалықтың зардабы, дін тақырыбын сенсацияға айналдырудың кері әсері, азаматтардың діни сенімін қорлаудың зияны жайлы жан-жақты түсіндіріп өтті.

«Дін – өзекті әрі нәзік тақырыптің бірі. Бұл салаға байсалдылық пен ұстамдылық қажет. Адамның діни сеніміне қатысты пікір жазуда ең бірінші жауапкершілік керек. Дін – рейтинг құралы болмауы тиіс», – деп атап өтті А.Қонарбайұлы.

ҚМДБ қызметкері тренинг барысында бейнеролик пен слайд арқылы тақырыпты жан-жақты аша түсті. Сонымен қатар, мәтінді редакциялау шеберлік сыныбын өткізді.

Трениниг соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.