Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

РАҚЫМҒА ТОЛЫ 10 КҮН

0 7  318

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Алланың рақымы шексіз! Күні кеше ғана күллі әлем мұсылмандары Рамазан айымен қимай қош айтысып еді, Раббымыздың рақымы толған тағы бір қасиетті аймен қауышуда. Зул-хиджа айының алғашқы он күнінде Алланың рақымы мен кешіріміне қол жеткізуге үлкен мүмкіншілік туады.

Алла Тағала осы он күннің қадір-қасиетін арттырып Құранда былай дейді: «Таң шапағына серт! Және (мүбәрак) он түнге серт!» («Фәжр» сүресі, 1-2-аяттар)

Ибн Аббас, ибн әз-Зубәйр секілді өзге де сахабалар бұл аятта Зул-хиджа айының алғашқы он күні айтылып тұр деседі. (Бұхари)

Мұсылман күнтізбесінде бүкіл әлемінің мұсылмандары жиналып құлшылық жасайтын айырықша уақыт бар. Ал, Зул-хиджа айы мұсылмандар күнтізбесінің соңғы айы болып табылады. Бұл айда қажылық құлшылығын жасауға ниет еткен барша мұсылмандар Мекке қаласына қажылық сапарға аттанады.

Қажылық парызы өз алдына атқарылуы тиіс рәсімдерден тұрады. Парыз болған бұл құлшылық қажылыққа аттана алмаған жандардың да құрбан шалып, мұқтаждарға бөліп беріп, қосымша намаздар оқып, ораза тұтып, көптеген салауаттар мен тәкбір айтып осы парыздың орнын толтыратындай сауапты амалдар жасауына жол ашауымен ерекшеленеді.  

Осылайша Зул-хиджа айының алғашқы он күнінде де дәл Рамазаны айы секілді  әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мұсылмандар бас қосып, Раббысына құрбан шалып, құлшылық етеді.

Меккедегі қасиетті Қағбаны айналу, Ибрахимның мақамының жанында намаз оқу, Сафа мен Мәруа төбелерінің арасында жүгіру, тас ату, құрба шалып, Алла Тағаланы ұлықтау – он күн бойы қажыларға парыз етілген амалдар. Бұл амалдар Ибрахим пайғамбар мен оның жары Ажар мен ұлы Исмайыл тап болған қиыншылықтарды барша мұсылмандардың естеріне түсіреді.

Белгілі бір себептермен қажылық сапарға шыға алмай қалған жандар үшін әз елші ﷺ біздерді он күндік жақсы амалдар жарысына қатысуға шақырады.

Он күндік ораза

Осы айдың алғашқы он күнінде жасалған кез келген сауапты амал еселеніп жазылады.

Қасиетті айдың тоғызыншы күні, яғни қажылар Арафат тауына жиналып күнәсына кешірім тілейтін күні ардақты пайғамбарымыздың ﷺ ораза тұтқанын растайтын хадистер жетерлік. Арафа күні ораза тұтар болса, Алланың қалауымен, өткен және келер жылдың күнәлары кешіріледі делінген.

Алла елшісі ﷺ: «Арафа күніндегі ораза өткен әрі осы жылдағы күнәлардың өтеуі болады»,- деген.

Сонымен қатар, Зул-хиджа айының алғашқы тоғыз күнінде де ораза тұту сүннет болып табылады.

Құрбандық шалу

Зул-хиджа айының оныншы күні шамасы келетін барша мұсылмандарға құрбандық шалу міндеттелген. Бір отбасы бір малды құрбандыққа шалса, жеткілікті. Егер отбасы мүшелері өздері үшін (жеке) құрбандық шалмақ болып ниет етсе, ешқандай әбестігі жоқ, керісінше, сауабы да мол болмақ.

Имам Тирмизи Ата ибн Йасардың: «Мен Әбу Аюбтан: «Алла елшісі қалай құрбандық шалатын еді?,- деп сұрағанымда: «Кез келген адам отбасының атынан немесе өз атынан бір малды құрбан ете алады. Малдың етінің бір бөлігін садақа етіп таратып, бір бөлігін өздеріне алып қалуы қажет»,- деп айтқанын жеткізген.

Сондай-ақ, құрбандық шалуға ниет еткен мейлі ер, мейлі әйел адам болсын шашын кесу, тырнағын алу секілді амалдардан жаңа айдың туғанын көргеннен бастап аулақ болғаны жөн.

Умм Сәләма Алла елшісінің ﷺ:

«Егер араларыңда қажылық парызын өтеуге ниетті жандар Зул-хиджа айының туғанын көрсе, құрбандығын шалып болмайынша шашы мен тырнағын алмасын»,– дегенін жеткізген.

Бұл жердегі хикмет, құрбан айт мейрамындағы құрбандық шалуға ниетті жандардың тақуалығын біршама дәрежеге көтеру.

Тәкбір, Тасбих, Тахмид айту

Ардақты пайғамбарымыз бен сахабалары Зул-хиджа айының алғашқы он күнінде мейрамға дейін тәкбір (Аллаһу әкбар), тасбих (СубханАлла) пен тахмидты (Әлхамдулиллә) көп айтатын.

Қарапайым ғана құлшылықтың бұл түрін алғашқы он күнде қажылармен қатар, қажылыққа бара алмай қалған жандар да айта алады.

Зікірді кез келген жерде айтып жүруге болады. Сонымен қатар, Құран оқып, зекет-садақа беріп, мұқтаждарға жәрдемдесіп, түннің бір уағында намазға тұрып, туыстармен қарым-қатынасты нығайтып, режіткенді кешіріп, пайдасыз істен бас тарту да сауапты әрі пайдалы амалдардың қатарынан екені даусыз.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.