Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ I ДӘРЕЖЕЛІ “ЫНТЫМАҚ” МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

0 1  131
Кеше Бішкекте өткен “Рухани Жібек жолы” атты халықаралық діни-ғылыми конференцияда Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Мақсатбек қажы Тоқтамысов Бас мүфти Серікбай қажы Оразды І дәрежелі “Ынтымақ” медалімен марапаттады, – хабарлайды  ҚМДБ баспасөз қызметі.
“Ислам жолындағы көпжылдық ерен еңбегі, Орталық Азияда дәстүрлі Ислам принциптерін насихаттауға қосқан сүбелі үлесі мен ортақ рухани мәдениетіміз бен салтымыздың бай мұраларын, адамгершілік құндылықтарын қайта жаңғыртуға белсене араласқаны үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ораз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы І дәрежелі “Ынтымақ” медалімен марапатталады”, – делінген куәлікте.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.