Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ (ВИДЕО) 

0 1  501

Құрметті жанкүйер қауым!

Астана. 28 қазан. 11:00. «Дәулет» спорт кешені. Елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін өтетін қазақ күресінен V республикалық турнир.

Айтулы спорт додасында Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Нұрғалиев, Руслан Абдуразақ бастаған Азия чемпионы, Қазақ барысының жүлдегерлері мен аймақ чемпиондары күш сынасады.

Дүбірлі доданың қонақтары: Жақсылық Үшкемпіров, Бейбіт Ыстыбаев, Аманжол Алтаев, Қайрат Нұртас, Досымжан Таңатаров, Қуандық Рахым.

Қолдау көрсетушілер:

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
ҚР Қоғамдық даму министрлігі
«Қазақ күресі» федерациясы
Астана қаласының әкімдігі

Билеттен түскен қаражат мұқтаж жандарға көмек көрсету, науқас балаларды емдету үшін қайырымдылық мақсатта жұмсалады.

Келіңіздер, көріңіздер!

Билеттерді алу үшін байланыс нөмерлері: 8 775 720 75 108 702 958 79 798 701 511 81 68

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.