Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Арқаның аязында жасалған қайрымдылық шарасы

0 1  690

«Астана – мейірімді қала!» акциясы аясында елорда табиғатының ерекшелігіне байланысты қайрымдылық шаларалы үздіксіз жалғасуда. Қазгидрометтің мәліметі бойынша қатты аяз бен боранға байланысты еліміздің басым бөлігінде дабылды ескерту жариялады. Ақпан айының алғашқы аптасында Астана қаласында қар және бұрқасын болады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. 6-7 ақпанда түнде қатты аяз – минус 37-39 градус аяз болады деп күтілуде. Дегенмен табиғаттың тосын мінезіне қарамай, жақсылық жасауға асыққан жандар көп.

«Оң қолыңмен бергеніңді сол қолың көрмесін» дейтін ұлттың ұрпағымыз. «Астана – мейірімді қала» жоба аясында Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бастамасымен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің  имамдары мен қызметкерлері Арқаның үскірік желі мен аязында өз жұмыстарын үзіліссіз атқарып жүр. Атап айтар болсақ, Ақпанның 5 жұлдызында  қоғамдық жұмысшыларға ыстақ тағаммен сусындар берілді. Бүгін, Ажар сауда орталығының халал асханасында 38 қоғамдық жұмысшыларға дастархан жайылып аязды күнде азда болса жылу силауға тырысты. Сауда орталығына келушілер қайырымдылық шараның куәсі болып, алдағы қайрымдылық шараларға өз үлестерін қосақысы келетіндіктерін жеткізді. Атқарылған акция аясында Астана тұрғындарына тегін такси қызметі ұйымдастырылып, көше тазалаушылар мен құрылысшыларға ыстық шәй мен тамақ ұсыну алдағы уақытта-да жалғасын табады.

Осы орайда, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіт имамдары намазға жиылған жамағатты жақсылыққа үлес қосуға шақырып, ауа райының қолайсыздығына байланысты көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық таныту сауапты іс екендігі түсіндіріу үстінде.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.