Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қарты бардың – қазынасы бар

0 1  943

Астана /25 ақпан /SUNNA.KZ/ – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті имамдары мен қызметкерлері қарттар үйінде қайрымдылық шарасын өткізді.

Қарттар қашанда халық қазынасы бола білген. «Ауылыңда қартың болса жазулы тұрған хатпен тең» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек.

Ата-ананы құрметтеу жайлы Құран Кәрімде Ісра сүресінің 23 аяттарында: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, ата-анаға жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: (ол екеуіне) «уф» деме (кейіс білдірме)» деп жазылған. Шариғатта ата-анадан бас тартпақ түгілі, қатты сөйлеген пенденің жазасы ауыр.

Жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызға пана болған осынау аты жаныңа батса да ондағы тұрғындарды құрметтеп, сыйлап, есінен шығармай жүретіндер аз емес.

Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің «Әйел-қыздар секторы» жанынан құрылған «Аналар мектебі» мүшелерінің демеушілігімен және әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова апайдың ұйымдастыруымен,  Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» арнайы барып, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайрымдылық дастарханы жайылып, сыйлық үлестірілді.

Наиб имамы Әділ Агитаев, жүздеріне қаяу түскен аға-буын өкілдеріне қамқорлық көрсету және құрметтеп сыйлау туралы имани әңгіме қозғады.

Ал, өнерден құрық ұстаған әншілер Ернұр мен Медет дәстүрлі ән айтып қарттардың көңілін бір серпілтіп тастады. 

Қазіргі таңда Астана қаласы әкімдігінің Шарапат әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 26-98 жас аралығында 350-ге жуық қарттар мен мүмкіндігі шектеулі  жандар тұрып жатыр. Оралдың арасында 4 ұлы отан соғыс ардагері, 11 ұлы отан соғыс ардагеріне теңестірілгендер, 27 тыл еңбеккерлері, 4 қуғын-сүргін құрбандары бар. І-ІІ топтағы  125 мүгедек жандарға оңалту орталығы жұмыс істеуде.

Ұлт қазынасы қарияларымыздың жарым көңілін жұбатып, көңілдеріне медеу, жандарына жылу сөз арнаған қайырымдылық шарасы алдағы уақытта та жалғасын таба бермек.

Өз кезегінде қарттар үйінің қызметкерлері мен тұрғындары мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.